TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35507 1.67K
Каспийдегі сарбаздардың қазасы: өткір жазба жариялаған кейбір қолданушылар полиция хабарласқанын жазды

Каспийдегі ауыр оқиғаға қатысты пікір білдірген кейбір қолданушылар өздеріне полиция хабарласып, жазбаны өшіруді сұрағанын жазды. Сондай тұрғындардың бірі Темірлан есімді қолданушы Instagram желісінде өзіне қысым жасалғанын хабарлап, “өзін Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкері” деп таныстырған адаммен болған диалогты жариялады.

Бір күн бұрын қолданушы Threads-те қорғаныс министрі мен әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын сынап, жазба жариялаған еді. Оған хабарласқан “полиция департаментінің қызметкері” жазбада “трибунал”, “ату” сияқты қатты сөздер қолданылғанын айтып, “жазбаны өшіруді” сұрайды. Бірақ қолданушы өзінің азаматтық ұстанымын жеткізіп, пікір білдіргенін айтып, жазбаны өшіруден бас тартады.

Желіде өзге азаматтар да осыған ұқсас оқиға болғанын жазды.
  • 😡 37
  • 👎 14
More from @azattyq
  1. Oct 10, 2026Журналист-зерттеуші Болот Теміров Лондонда халықаралық The Albies сыйлығын алды Қырғызстан…
  2. Oct 10, 2026Ташкентте 10 мың долларын жоғалтып алған қазақстандыққа ақшасы қайтарылды Ташкентке көлік…
  3. Oct 10, 2026Каспийде қаза болғандардың отбасына берілетін өтемақы мөлшері жарияланбайды Маңғыстау облы…
  4. Oct 10, 2026"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік компанияға уран сатудан бас тартты, бірақ Қытайға тасымалдауға…
  5. Oct 10, 2026АҚШ Ресеймен дизель бойынша операцияларға рұқсат берді 9 қазанда АҚШ қаржы министрлігі рес…
  6. Oct 10, 2026📹 Литвада мұсылмандарға қысым көрсетіліп жатыр ма? Литвада Орталық Азия елдерінің 29 мыңғ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →