Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігінде бірнеше түн бойы көлік қозғалысы шектеледі
Пушкин көшесінде жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
12–18 қазан аралығында күн сайын сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Күндіз аталған учаскеде көлік қозғалысы ашық болады.
Жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талабын сақтауды және балама бағыттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және жөндеу технологиясына әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілген шектеу туралы толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланған.
Post #43307
58
