Павлодарда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Павлодар қаласы Иса Байзақов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері Hyundai автокөлігін басқарған 52 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатты. Медициналық куәландыру нәтижесінде әйелдің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Post #43314
62