Астанадағы екі ойын-сауық орнында кальян пайдалану фактілері анықталды
Астана қаласында қоғамдық орындарда заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүргізілген рейдтер кезінде екі ойын-сауық мекемесінде заңсыз кальян шегу деректері тіркелді. Қалдаяқов көшесіндегі мекемеде 30 жастағы азаматқа, ал Кенесары көшесіндегі ойын-сауық орнында 22 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындары мен кәсіпкерлерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Post #43315
65