TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43082 64
🇰🇿🇴🇲Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады
 
🤝Мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:
 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім;

3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы бірлескен инвестициялық құрылым (қор) құру туралы келісім;

4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы Blue City Rixos бірлескен жобасы шеңберіндегі негізгі шарттар туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Оман Сұлтандығы Қаржы министрлігі арасындағы қаржы саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

6. «Атамекен» ҰКП мен Оман Сұлтандығы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;

7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен OQ Exploration & Production компаниясы арасындағы геологиялық барлау саласы бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

8. Еуразиялық даму банкі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы Еуразиялық даму банкінің Оман Сұлтандығында қызмет ету шарттары туралы келісім.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 7, 2026Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр Алматыда субұрқақтарды к…
  2. Oct 7, 2026Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешеніндегі заңсыз қайта құру жұмыстары тоқтатылды Алмат…
  3. Oct 7, 2026Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылд…
  4. Oct 7, 2026Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды Алматыда 2026-20…
  5. Oct 7, 2026Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты өсті 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда…
  6. Oct 7, 2026Олжас Бектенов провел заседание Координационного совета по сотрудничеству с международными…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →