TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43133 33
Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Алматыда субұрқақтарды күзгі-қысқы кезеңге жоспарлы түрде консервациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстар 1-10 қазан аралығында кезең-кезеңімен жүргізілуде. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының «Жасыл Алматы» КММ мамандары субұрқақ кешендерін суық мезгілге дайындап жатыр.

Субұрқақтар тоқтатылып, суы ағызылады, тостағаны мен жабдықтары тазартылады. Сондай-ақ мамандар инженерлік жүйелерді үрлеп, құрғатады, ал жабдықтардың кейбір құрылымдары алынып, қысқы сақтауға жіберіледі.

Консервациялау жұмыстары инженерлік желілер мен жабдықтарды төмен температураның әсерінен қорғау үшін қажет. Бұл ретте, әр нысанның техникалық ерекшеліктері ескеріледі.

Жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Қысқы кезеңнен кейін мамандар техникалық қызмет көрсетіп, субұрқақтарды жаңа маусымға дайындайды.
More from @tvalmaty
  1. Oct 7, 2026Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілд…
  2. Oct 7, 2026Педагоги Алматы удостоены государственных и ведомственных наград По случаю Дня учителя тру…
  3. Oct 7, 2026Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады Алматыны…
  4. Oct 7, 2026🇬🇧Лорд Сарвар елімізбен стратегиялық серіктестіктің дәйекті түрде ілгерілеп келе жатқаны…
  5. Oct 7, 2026🇰🇿🇬🇧Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Са…
  6. Oct 7, 2026✉️Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇳🇬Қасым-Жомарт…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →