TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43140 44
Almaty TV 🇰🇿🇬🇧Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарварды қабылдады 📌 Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті. 🔹Мемлекет басшысы еліміз…
🇬🇧Лорд Сарвар елімізбен стратегиялық серіктестіктің дәйекті түрде ілгерілеп келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді

🔹Сондай-ақ британиялық бизнес жобаларға қолдау көрсетіп, Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптастырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Еліңіздің қарқынды дамып келе жатқанын үлкен қызығушылықпен қарап отырмыз. Халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге қатысты ұстанымдарымыздың ұқсастығын жоғары бағалаймыз. Бізді ашықтық, серіктестік, инновациялар, өзара сенім мен еркін сауда байланыстырады. Стратегиялық серіктестерімізбен қарым-қатынаста ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне сай келетін нақты нәтижеге қол жеткізуге ниеттіміз. Бұл қатарға Қазақстан да енетіні сөзсіз, – деді Анас Сарвар.


🔹Мемлекет басшысы мен Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың, академиялық алмасуды кеңейтудің және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

🔹Президент Ұлыбританияда білім беру және жас мамандарды даярлау деңгейі өте жоғары екеніне назар аударды.

🔹Бұдан бөлек, кездесуге қатысушылар энергетика, көлік-логистика, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективасын қарастырды.
More from @tvalmaty
  1. Oct 7, 2026Өскеменде автотұрақта дрифт жасаған жүргізуші әйел жауапқа тартылды Өскемен қаласында Toyo…
  2. Oct 7, 2026Қызылорда облысында рейд кезінде 5 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды Қызылорда…
  3. Oct 7, 2026Алматы – Астана тасжолында бұзақылық жасаған жүргізушілер 10 тәулікке қамалды Қарасай ауда…
  4. Oct 7, 2026Сәтбаевта 1 миллион теңгеден астам айыппұлы бар көлік айыптұраққа жабылды Сәтбаев қаласынд…
  5. Oct 7, 2026Қызылордада темекі тұқылын тастаған тұрғын бейнекамера арқылы анықталды Қызылорда қаласынд…
  6. Oct 7, 2026🇰🇿🇹🇲Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды Қазақста…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →