Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.
✔️Мемлекет басшысы еліміз үшін шахматтың орны ерекше екеніне тоқталды. Шахмат спорттың бір түрі болуымен қатар өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытудың маңызды тетігі саналады.
✔️Соңғы жылдары қазақстандық шахмат мектебі қарқынды дамып келе жатыр. Елімізде спорттың осы түрімен 278 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль иеленген әйелдер құрамасының жарқын жетістігін айрықша атап өтті.
✔️Бұдан бөлек, Президент Қазақстан шахмат федерациясының алдында тұрған басым міндеттерді атады.
Post #43131
50
