Ақтауда бейнебақылау камералары арқылы қоқыс пен темекі тұқылын тастаған азаматтар анықталды
Ақтау қаласында "Таза Қазақстан" акциясы аясында қоғамдық орындардың тазалығына бақылау күшейтілді. Қала аумағына жүргізілген тұрақты мониторинг барысында бейнебақылау камералары арқылы көшеге темекі тұқылын лақтырған және қоғамдық орындарды ластаған бірнеше тұрғын тіркелді. Атап айтқанда, 9, 32А және 6-шағын аудандарда заңнама талаптарын бұзған азаматтар анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Post #43151
34