🛢 ҚазМұнайГаздың жартыжылдық есебі инвесторға не көрсетеді?
ҚазМұнайГаз (KMG) 2026 жылдың алғашқы алты айындағы нәтижелерін жариялады.
📊 Қаржылық көрсеткіштер (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда):
✅ Түсім ⬆️23,7%-ға өсіп, Т5,57 трлн болды.
✅ EBITDA ⬆️45%-ға өсіп, Т1,66 трлн құрады.
✅ Таза пайда ⬆️69,1%-ға өсіп, Т904 млрд болды.
✅ Еркін ақша ағыны ⬆️12,2%-ға өсіп, Т765 млрд құрады.
🛢 Ал мұнай мен газ конденсатын өндіру 4,6%-ға азайып, 12,44 млн тонна болды.
❓ Өндіріс азайса, түсім неге өсті?
Мұнай бағасы жоғарылады: бірінші жартыжылдықта Brent-тің орташа бағасы 28,4%-ға өсіп, барреліне $92,31 жетті.
💰 Қарызға да назар аударайық
30 маусымда жалпы қарыз Т3,41 трлн болды - бұл 2025 жылдың соңындағы деңгейден 3,2%-ға аз. Бірақ қолдағы ақша мен депозиттер 22,9%-ға қысқарғандықтан, таза қарыз Т375 млрд-тан Т983 млрд-қа өсті. Компания мұны негізінен "Самұрық-Қазына" облигацияларын сатып алумен түсіндіреді.
Post #297
84
- ❤ 2
- 👏 1
- 🆒 1