TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 1.34K subscribers
Post #296 80
📱 Kcell-дің таза пайдасы бірінші жартыжылдықта 40,5%-ға өсті

Kcell - акциялары KASE биржасында саудаланатын және KASE индексіне кіретін компания. Сондықтан оның нәтижелері қор нарығындағы инвесторлар үшін маңызды.

📊 2026 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіштер (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда):
✅ Түсім ⬆️11,1%-ға өсіп, Т135,4 млрд болды.
✅ EBITDA ⬆️13%-ға өсіп, Т53,8 млрд құрады.
✅ Таза пайда ⬆️40,5%-ға өсіп, Т7,9 млрд болды.
✅ Абоненттер саны ⬆️11,2%-ға өсіп, 9,05 млн-ға жетті.
🔻 Бір абоненттен түсетін орташа айлық табыс 3,3%-ға төмендеп, Т1 750 болды.

💰 Қарызы мен қолдағы ақшасы қандай?

Компанияның займдары 7,8%-ға өсіп, Т152,5 млрд болды (2025 жылдың соңында - Т141,4 млрд). Ал ақша қаражаты 93,5%-ға азайып, Т2,1 млрд-қа түсті (2025 жылдың соңында - Т32,1 млрд).

⚖️ Инвесторға тағы нені білу маңызды?

Қаржылық есепте Kcell мен Tele2/Altel операторы арасындағы сот дауы көрсетілген. Tele2/Altel Т27,2 млрд айыппұл талап етіп отыр, ал Kcell Т3,1 млрд сомасына қарсы талап қойды. Іс бойынша түпкілікті шешім жоқ. Компания бұрын құрылған резервті жеткілікті деп санайды.
  • ❤ 2
  • 👍 1
More from @qorjin
  1. Sep 25, 2026🛢 ҚазМұнайГаздың жартыжылдық есебі инвесторға не көрсетеді? ҚазМұнайГаз (KMG) 2026 жылдың…
  2. Sep 25, 2026📈📉🇰🇿24 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кірет…
  3. Sep 25, 2026photo post
  4. Sep 24, 2026📑 Halyk Bank Т100 млрд сомасына облигациялар шығаруды жоспарлап отыр Halyk Bank (HSBK) ди…
  5. Sep 24, 2026📩 Қаржы ұйымдарына шағымды FinOtinish арқылы жолдауға болады FinOtinish банктерге, микроқ…
  6. Sep 24, 2026📈📉🇰🇿23 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кірет…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →