TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 1.41K subscribers
Post #292 58
📑 Halyk Bank Т100 млрд сомасына облигациялар шығаруды жоспарлап отыр

Halyk Bank (HSBK) директорлар кеңесі 2026 жылғы 21 қыркүйекте дисконттық облигациялар шығару туралы шешім қабылдады.

Шығарылым параметрлері:
▫️ Жалпы сомасы - Т100 млрд;
▫️ Саны - 100 млн облигация;
▫️ Бір облигацияның номиналы - Т1 000;
▫️ Айналыс мерзімі - 12 айдан аспайды.

💡 Купондық және дисконттық облигацияның айырмасы қандай?

Купондық облигация иесіне белгілі бір мерзім сайын пайыздық табыс төленеді. Мысалы, номиналы Т1 000 облигацияның жылдық купоны 12% болса, жылдық купондық табыс Т120 болады. Төлемнің жиілігі шығарылым шарттарына байланысты. Өтеу мерзімінде номинал қайтарылады.

Дисконттық облигацияда тұрақты купондық төлем жоқ. Инвестор оны номиналынан төмен бағамен сатып алып, өтеу кезінде толық номиналын алады. Мысалы, Т1 000 номиналды облигация Т900-ге сатып алынса, өтеу кезіндегі айырма Т100 болады.
  • 👍 2
  • 🔥 1
  • 👏 1
More from @qorjin
  1. Sep 24, 2026📩 Қаржы ұйымдарына шағымды FinOtinish арқылы жолдауға болады FinOtinish банктерге, микроқ…
  2. Sep 24, 2026📈📉🇰🇿23 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кірет…
  3. Sep 24, 2026photo post
  4. Sep 23, 2026QORJIN pinned a photo
  5. Sep 23, 2026🏦 Болашақ зейнетақыңыз: 2027 жылдан бастап не өзгереді? Қазір БЖЗҚ-дағы жинақты Ұлттық ба…
  6. Sep 23, 2026⛄️ Инвестициядағы "қар кесегі" қалай жұмыс істейді? Қар кесегі домалаған сайын үлкейеді. И…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →