📩 Қаржы ұйымдарына шағымды FinOtinish арқылы жолдауға болады
FinOtinish банктерге, микроқаржы ұйымдарына және басқа қаржы ұйымдарына шағым мен өтініш жіберуге арналған бірыңғай цифрлық арна ретінде іске қосылды. Платформада өтініштің мәртебесі мен қаралу мерзімін қадағалауға болады.
Әзірге платформа пилоттық режимде жұмыс істейді: оған Freedom Bank, Банк ЦентрКредит, Отбасы банк және Alatau City Bank қосылған.
Микроқаржы ұйымдары пилотқа қатыспайды. Пилот аяқталған соң басқа банктерді кезең-кезеңімен қосып, платформаның қолжетімділігін кеңейту жоспарланған.
Сервисті пайдалану тегін әрі ерікті. АРРФР-ға e-Otinish арқылы, банк омбудсманына немесе сотқа жүгіну құқығы сақталады.
Post #290
97
- ❤ 2
- 🔥 1
- 🆒 1