🏢 📊 Қор нарығы қалай жұмыс істейді?
Қор нарығы компанияларға ақша тартуға, ал инвесторларға бағалы қағаздар сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде әр қатысушының өз міндеті бар.
✅ Компания бизнесін дамыту үшін акция шығарады. Акция компаниядағы үлесті білдіреді.
✅ Инвестор қаражатын акцияларға және басқа активтерге салады. Ол биржаға тікелей шықпайды: брокерде шот ашып, сатып алу тапсырмасын береді.
✅ Брокер инвестордың тапсырмасын биржаға жеткізеді. Алаяқтарға тап болмау үшін брокерді ресми тізімнен тексеріңіз:
📘 KASE брокерлері
📘 AIX сауда мүшелері
✅ Биржа сатып алу және сату өтінімдерін сәйкестендіреді.
KASE - Қазақстанның көп функционалды биржасы.
AIX - Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы.
✅ Депозитарий мәміледен кейін акцияның кімге тиесілі екенін есепке алады.
Post #250
103

- ❤ 2
- 👍 1
- 🔥 1
- 🆒 1