⚡️ Әскер туралы жалған ақпарат бір жылдан кейін қайта тарады
2025 жылдың қыркүйегінде Орталық жалған ақпаратты теріске шығарғанына қарамастан, әлеуметтік желілерде анонимді аккаунттар Қарулы күштерге қатысты кадрларды шынайы оқиғалар ретінде көрсетіп, қайта таратуда.
Атап айтқанда, Threads әлеуметтік желісінің пайдаланушылары «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» көркем фильмінен алынған үзінділерді шынайы кадрлар ретінде жаппай жариялауда.
Бұл ретте бейнематериалдарға эмоционалды сипаттағы пікірлер мен деструктивті үндеулер қосылып, олардың таралуы пайдаланушыларды жаңылыстырып, әлеуметтік шиеленістің артуына ықпал етуі мүмкін.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы пайдаланушыларды осындай ақпараттық манипуляциялардың таралу құралына айналмауға шақырады.
‼️ Жалған және көрінеу жалған ақпаратты тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске саламыз.
Тексерілмеген ақпаратты таратпаңыз. Фактілерді тексеріп, қоғамдық пікірді манипуляциялауға жол бермеңіз.
Post #294
256

- 👍 15
- 👏 6
- ❤ 3
- 🔥 2