TGViewer
JAQ.OrtCom.kz JAQ.OrtCom.kz @jaqortcomkz · 1.7K subscribers
Post #296 1.24K
Жасанды резонанс. Ақпараттық күшейту технологиясы

1-бөлім

Резонансты оқиғаларды талдау көрсеткендей, төтенше жағдайлар мен қоғамдық маңызы бар шаралар кезінде бірыңғай ақпараттық сценарий бойынша белгілі бір уақытта синхронды әрекет ететін аккаунттар мен арналар белсендірілуі мүмкін.

Бұл технологияның басты мақсаты - қоғамда жаппай наразылық туындағандай әсер қалдыру, деструктивті нарративтердің таралуын жеделдету және оны одан әрі ілгерілетуге шынайы пайдаланушыларды тарту.

Шартты түрде бұл тетікті бес жүйелі кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең – «консерваларды» (ұйқыдағы аккаунттарды) белсенді іске қосу.

Бұл - ұзақ уақыт бойы белсенділік танытпаған немесе өте аз белсенді болған аккаунттар мен арналар. Төтенше жағдай, оқыс оқиға немесе өзге де резонансты жайт орын алған бойда олар алдын ала дайындалған немесе оқиғаға байланысты жедел әзірленген материалдарды жариялау үшін іске қосылады. Мәселен, соңғы оқиғаларға байланысты Орталық тарапынан анықталған мұндай дереккөздердің негізгі ядросын 1 Telegram-арна мен Facebook желісіндегі 3 аккаунт құрады.

Мұндай профильдердің басты міндеті - олардың бұған дейін қалыптасқан тарихы, жазылушылар саны мен белгілі бір аудиториясы арқылы сенімді болып көрінуі. Сондықтан олар белгілі бір ақпараттық науқан үшін арнайы құрылған аккаунтқа ұқсамайды.

Екінші кезең - деструктивті нарративті ақпараттық кеңістікке енгізу.

Резонансты оқиға орын алған алғашқы сағаттардағы ақпараттық тапшылықты пайдаланып, расталмаған мәліметтер, асыра сілтеулер, бұрын түсірілген фото және бейнематериалдар немесе жалған тұжырымдармен бұрмаланған шынайы фактілер таратыла бастайды. Осындай 29 аккаунт анықталды.

Бұл ретте басты мақсат тек нақты бір фейкті таратумен шектелмеуі мүмкін. Дезинформаторлар болған жағдайға қатысты жалпы теріс түсінік қалыптастырады. Мысалы, «билік ақпаратты жасырып отыр», «ресми мәліметтерге сенуге болмайды», «шынайы ақпаратты тек әлеуметтік желі пайдаланушылары таратады» деген ұстанымдар алға шығарылады.

Осылайша, ресми ақпарат толық жарияланғанға дейін жекелеген дәйексіз хабарламалар біртұтас кең ауқымды нарративке біріктіріледі.

Үшінші кезең – жасанды күшейту.

Сонымен қатар, жаңа анонимді аккаунттар, соның ішінде ақпараттық себеп пайда болған сәтте жедел ашылған профильдер де іске қосылуы мүмкін. Талдау барысында осындай сипаттағы 39-ға жуық аккаунт анықталды.

Олардың міндеті жаңа ақпарат жасау емес, жаппай талқылау жүріп жатқандай әсер қалыптастыру. Біркелкі жарияланымдар, пікірлер, репосттар, пайдаланушыларды белгілеу және ақпаратты таратулар арқылы жоғары белсенділік жасанды сигнал қалыптасады.

Осы кезеңде жасанды жолмен жасалған резонанс біртіндеп табиғи сипат алып, шынайы пайдаланушылардың ақпараттық кеңістігіне ене бастайды.
  • 👍 22
  • ❤ 7
  • 🔥 3
More from @jaqortcomkz
  1. Sep 29, 2026Часть 2 Четвертый этап - вовлечение пользователей. После формирования информационного фона…
  2. Sep 29, 2026Искусственный резонанс. Технология информационной раскачки Часть 1 Анализ резонансных собы…
  3. Sep 29, 20262-бөлім Төртінші кезең - пайдаланушыларды тарту. Ақпараттық фон қалыптасқаннан кейін анони…
  4. Sep 29, 2026⚡️ Фейк про армию вернулся ровно через год Несмотря на ранее опубликованное Центром опрове…
  5. Sep 29, 2026⚡️ Әскер туралы жалған ақпарат бір жылдан кейін қайта тарады 2025 жылдың қыркүйегінде Орта…
  6. Sep 28, 2026⚡️ Центром по борьбе с дезинформацией в социальной сети Facebook зафиксирована попытка ман…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →