TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35759 662
Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мәлімдеді

Президенттің туысы Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мәлімдеді. Президенттің жиеншарының Қазақ ұлттық спорт университетін (KNUS) мемлекетке "өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдағаны" жөнінде ақпарат сенбі, 17 қазанда университеттің ресми сайтында жарияланды.

Сайттың жазуынша, Нұрасыл Медеу оқу орнында өткен салтанатты жиын кезінде "кез келген алыпқашпа әңгімеге нүкте қойғым келеді. Бұл – сату да емес, сенімгерлік басқаруға беру де емес, мәжбүрлі түрде жасалған қадам да емес" деп айтқан.

Ол "студенттер алдындағы барлық міндеттеме толық көлемде сақталатынын", "бұрын тағайындалған құрылтайшы гранттары бойынша міндеттемелер де" орындалатынын айтқан.

Мұндай ақпарат Азаттықта жарияланған зерттеуден бір күн өткеннен кейін жарияланып отыр.

Зерттеуде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені, құрылтай депутаты Дана Медеуованың ұлы 23 жастағы Нұрасыл Медеудің мемлекет қолдауына ие екі оқу орнына — Жасанды интеллект ұлттық зерттеу университеті мен Қазақ ұлттық спорт университетіне — иелік ететіні айтылады. Екі университеттің де 95 пайыз үлесі Медеуге тиесілі, ал қалған 5 пайызы мемлекеттік компаниялардың еншісінде.

Зерттеу авторлары оқу орындарының мемлекеттік инфрақұрылым мен қолдауды пайдалануына байланысты ықтимал мүдделер қақтығысы туралы сұрақ көтереді. Нұрасыл Медеу бұл жетістікке "командасының көмегімен" жеткенін, өзіне ешқандай "артықшылықтар берілмейтінін", ал университеттердің инфрақұрылымы мемлекет меншігінде қалатынын айтқан.
  • 😁 22
  • 💩 10
  • 🤣 3
  • 👍 1
  • 👏 1
  • 🤯 1
More from @azattyq
  1. Oct 17, 2026Лавров: содырлар Ауғанстан арқылы Орталық Азияға босқын және турист ретінде кіруі мүмкін Х…
  2. Oct 17, 2026АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Конгресс қабылдаған – қайтыс болған сенатор Линдси…
  3. Oct 17, 2026Сенбіге қараған түні Мәскеу әуежайында жүздеген рейс кешікті немесе ұшпай қалды Әуежайлард…
  4. Oct 17, 2026Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиеншары Нұрасыл Медеу Қазақстанда мемлекеттік қолдауына…
  5. Oct 17, 2026Рубионың сапары: 30 миллиард доллар инвестиция, террормен күрес және сирек минералдар АҚШ…
  6. Oct 17, 2026Ресей Украина аймақтарын соққылады, қаза болғандар бар Сенбіге қараған түні Ресей әскері У…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →