Сенбіге қараған түні Мәскеу әуежайында жүздеген рейс кешікті немесе ұшпай қалды
Әуежайлардың онлайн-таблоларына сүйенген Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, жұма кешке және сенбіге қараған түні Мәскеуге ұшқан немесе одан келуі керек болған жүздеген әуе рейсі кешікті немесе ұшпай қалды. Бұған украин дрондары себеп деп жазды BBC-дің Орыс қызметі.
airports.ru сайтының жазуынша, Санкт-Петербургтегі негізгі әуежай Пулковода да 32 рейс ұшпай қалды, 140 кешіктірілді. Мәскеудің Шереметьевосында - 53 рейс кешікті, 143 рейс ұшпай қалды; Внуковода — 113 рейс кешікті, 55 рейс кейінге қалды, Домодедовода 59 рейс кешікті.
Baza-ның есебінше, Мәскеу әуежайларындағы түнгі шектеулердің салдарынан 370-тен астам рейс кейінге қалдырылды немесе кешікті.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин әлеуметтік желіде кейінгі сағаттарда Ресей астанасына жақын аумақта 140-тан астам дрон құлатылғанын хабарлады. Ал 10-17 қазан аралығында Мәскеу жаққа қарай 2730 дрон ұшқан, 534-і Мәскеуге жақындаған кезде жойылған.
Ресей қорғаныс министрлігі сенбіге қараған түні Ресей аймақтарында 610 дрон атып түсірілгенін хабарлады.
Қыркүйектің басында Украина басшысы Владимир Зеленский Ресейдің әуе кеңістігі азаматтық авиация үшін қауіпсіз емес, себебі Ресей аспанында дрондар болады деп айтқан.
Видео: Астра
Post #35756
701
- 🔥 16
- 👏 8
- 🤔 2