Лавров: содырлар Ауғанстан арқылы Орталық Азияға босқын және турист ретінде кіруі мүмкін
Халықаралық экстремистік ұйымдардың содырлары Ауғанстан арқылы заңды және заңсыз жолмен Орталық Азия елдеріне өтуге тырысады. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 16 қазанда мәлімдеді.
Оның айтуынша, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен шектесетін Ауғанстан аумақтарында мұндай белсенділік ерекше байқалады. Министрдің сөзіне қарағанда, террористік топтардың содырлары босқын немесе турист кейпіне еніп, Ауғанстан аумағынан Орталық Азия елдеріне өтуге әрекет жасауы мүмкін. Ресей сыртқы істер министрі ДАИШ-тың бөлімшесі саналатын «Хорасан уәлаяты» тобы содырларынан негізгі қауіп барын айтты.
Post #35758
768

- 😁 12
- 🤡 10
- 🤬 4
- ❤ 2
- 👍 2
- 💩 1