TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35751 3.28K
Ресей Украина аймақтарын соққылады, қаза болғандар бар

Сенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Славянск қаласына авиабомбамен соққы жасады. Қалалық әскери әкімшіліктің жетекшісі Вадим Ляхтың айтуынша, кемінде бір адам қаза болды, 10 адам жарақаттанды. Үйінді астында адамдар қалуы мүмкін.

Запорожьеге де соққы жасалды. Украинаның төтенше жағдай ведомствосының хабарлауынша, бес адам жарақаттанды, арасында бала да бар. Бірнеше ескі ғимарат бүлінген.

Харьков пен Харьков облысындағы он елді мекенге әуеден соққы жасалды деп хабарлады облыстық әскери әкімшіліктің жетекшісі Олег Синегубов. Оның сөзінше, екі адам қаза болды, 41 адам зардап шекті.

Украинаның қарулы күштері өткен түні әуеде 293 дронды жойған. 25 орынға дрон түскен.
  • 🤬 20
  • 😭 8
More from @azattyq
  1. Oct 17, 2026Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мә…
  2. Oct 17, 2026Лавров: содырлар Ауғанстан арқылы Орталық Азияға босқын және турист ретінде кіруі мүмкін Х…
  3. Oct 17, 2026АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Конгресс қабылдаған – қайтыс болған сенатор Линдси…
  4. Oct 17, 2026Сенбіге қараған түні Мәскеу әуежайында жүздеген рейс кешікті немесе ұшпай қалды Әуежайлард…
  5. Oct 17, 2026Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиеншары Нұрасыл Медеу Қазақстанда мемлекеттік қолдауына…
  6. Oct 17, 2026Рубионың сапары: 30 миллиард доллар инвестиция, террормен күрес және сирек минералдар АҚШ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →