TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35739 678
Трамп Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына украин дрондарының соққысын “масқара” деп атады

АҚШ басшысы Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына шабуылы үшін сынады.
“Зеленский тоқтатуы керек, Путин де. Зеленский мұнай өңдеу зауыттарына қайта соққы жасап жатыр десеңіз, ол бар болғаны мұнай бағасының өсуіне қол жеткізеді. Менің ойымша, бұл масқара” деді Трамп Newsmax-қа берген сұхбатында.

Трамп сонымен бірге Зеленскиймен “жұмыс істеуге” құлықсыздық танытты.
“Ол келісімге келгісі келмейді. Келіссөз жүргізгісі келетінін айтады, бірақ шын мәнінде олай емес. Жоқ, мен Зеленскийдің жақтаушысы емеспін” деді АҚШ басшысы.

Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ өтінішімен енгізілген үш күндік үзілістен кейін украин әскері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққысын жалғастыратынын мәлімдеген. Ол мұны Financial Times-қа айтты.

“Тыйым алынды. Жетер енді” деді Зеленский.

Ол Ресей әскері Укринаның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққысын жалғастырып жатқанын айтқан еді. Зеленскийдің сөзінше, кейінгі аптада соның салдарынан 100-ден астам бейбіт тұрғын қаза болған.
  • 😁 12
  • 🤬 12
  • 🤡 3
  • 🤮 2
  • 🥰 1
More from @azattyq
  1. Oct 16, 2026Боқаевтың ісі бойынша куәгердің сот ғимараты маңында ұсталуы: адвокат оның мұнда келгенін…
  2. Oct 16, 2026Бұл оқиға 16 қазанда Алматыда Санжар Боқаевтың соты өтіп жатқан Алмалы аудандық соты маңын…
  3. Oct 16, 2026Қазақстанда жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылады Сервис eGov қосымшас…
  4. Oct 16, 2026Санжар Боқаев, Ұлан Нүсіпқожа, Мадияр Қалменовтің адвокаттарының судьяны ауыстыру туралы ө…
  5. Oct 16, 2026Reuters: Украинадағы Starlink-тің жұмысын бәсеңдету туралы бұйрық Ақ үйден түскен Starshie…
  6. Oct 16, 2026Санжар Боқаевтың ісінде адвокаттар істі прокуратураға қайтару туралы өтініш берді, себебі…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →