TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35744 549
Бұл оқиға 16 қазанда Алматыда Санжар Боқаевтың соты өтіп жатқан Алмалы аудандық соты маңында түс кезінде болды деп жазды журналист Вадим Борейконың телеграм-арнасы.

Полиция ұстап жатқан адам, куәгерлердің айтуынша, сот басталмай тұрып бір сағат бұрын келген. Үзілістен соң қорғау жағы бұл аталған іс бойынша негізгі куәгер Ахлиддин Хамракулов екенін айтты. Оның бұл жерге келу және полицияның оны ұстау себебі әзірге белгісіз.

Биыл наурызда Боқаев ұстала салысымен желіде бір адам түскен, бірақ мазмұны бір-біріне қайшы екі видео тарады.

Біріншісінде "полиция мені Боқаев пен оның көмекшісі Ұланға қарсы жалған куәлік беруге мәжбүрледі, азаптады" деп жыларман күйде сөйлеген ер адам бейнеленген. Оның адвокаты Диас Ахметов бұл видеоны Алматы қалалық полиция департаментінің кіре берісінде екі ай бұрын түсіргенін айтты. Бұл адвокат Санжар Боқаевты да қорғаған.

Осы видеоның ізін ала тағы да осы адам түскен басқа видеоны анонимді телеграм арналар таратты. Онда әлгі адам өзін Түркістан облысы тұрғыны Ахлиддин Хамракуловпын деп атап, бұған дейінгі видеода айтқан сөзінен айнып, солай сөйлеуге мәжбүрледі деп өз адвокатын айыптаған. Бұл видеоны Хамракулов өз еркімен түсірді ме, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз қалып отыр.

16 қазанда адвокаттар осы оқиғаны тексеруді сұрап, үш өтініш берді.
  • 🤔 11
  • 🤬 6
More from @azattyq
  1. Oct 16, 2026Мемлекет қолдауына ие екі оқу орнының қожайыны кім? Зерттеу🔎 2021 жылы спорт пен салауатт…
  2. Oct 16, 2026Сенатор Джон Кертис: "АҚШ мүддесі үшін Орталық Азияның тұрақтылығы өте маңызды" Орталық Аз…
  3. Oct 16, 2026Боқаевтың ісі бойынша куәгердің сот ғимараты маңында ұсталуы: адвокат оның мұнда келгенін…
  4. Oct 16, 2026Қазақстанда жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылады Сервис eGov қосымшас…
  5. Oct 16, 2026Санжар Боқаев, Ұлан Нүсіпқожа, Мадияр Қалменовтің адвокаттарының судьяны ауыстыру туралы ө…
  6. Oct 16, 2026Reuters: Украинадағы Starlink-тің жұмысын бәсеңдету туралы бұйрық Ақ үйден түскен Starshie…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →