TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35746 662
Azattyq - Азаттық Бұл оқиға 16 қазанда Алматыда Санжар Боқаевтың соты өтіп жатқан Алмалы аудандық соты маңында түс кезінде болды деп жазды журналист Вадим Борейконың телеграм-арнасы. Полиция ұстап жатқан адам, куәгерлердің айтуынша, сот басталмай тұрып бір сағат бұрын келген.…
Боқаевтың ісі бойынша куәгердің сот ғимараты маңында ұсталуы: адвокат оның мұнда келгенін біреу қаламайды дейді

“Айыптау сөз, жауаптардан құралған. Бүгін негізгі куәгерді түсінуімше, ұстап әкетті. Ол [ағаш кесу] ісі бойынша негізгі куәгер. Оның бұл жерге келгені біреуге қолайсыз” деді Боқаевтың адвокаты Радмир Утепов түскі үзіліс кезінде.

Үзілістен соң қорғау жағының адвокаттары бұл оқиғаны айтып, соттан аталған куәгердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраған.

“Шын куәлік берсе екен дейміз, ертеңгі күні жоғалып кетпесе екен дейміз” деді адвокат Радмир Утепов.

Судья Жанат Әбенова ұсталған адамның қылмыстық іс бойынша куәгер екенін растап, бірақ куәгерлер “басты сот талқылауында болмауы керек” деді. Дегенмен адвокаттар оны ғимарат ішінен емес, сыртта ұстағанын айтты.

Адвокаттар соттан оқиғаны тексеруді және күштік құрылымдардың әрекетіне құқықтық баға беруді сұрады. Судья бұл мәселе бойынша прокуратураға қайырылу керектігін айтты. Алматы полициясы әзірге, оқиғаға түсініктеме берген жоқ.
  • 😱 8
  • 🤬 6
  • ❤ 1
  • 💩 1
More from @azattyq
  1. Oct 16, 2026Мемлекет қолдауына ие екі оқу орнының қожайыны кім? Зерттеу🔎 2021 жылы спорт пен салауатт…
  2. Oct 16, 2026Сенатор Джон Кертис: "АҚШ мүддесі үшін Орталық Азияның тұрақтылығы өте маңызды" Орталық Аз…
  3. Oct 16, 2026Бұл оқиға 16 қазанда Алматыда Санжар Боқаевтың соты өтіп жатқан Алмалы аудандық соты маңын…
  4. Oct 16, 2026Қазақстанда жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылады Сервис eGov қосымшас…
  5. Oct 16, 2026Санжар Боқаев, Ұлан Нүсіпқожа, Мадияр Қалменовтің адвокаттарының судьяны ауыстыру туралы ө…
  6. Oct 16, 2026Reuters: Украинадағы Starlink-тің жұмысын бәсеңдету туралы бұйрық Ақ үйден түскен Starshie…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →