TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35740 417
Azattyq - Азаттық Журналистер отырған бөлмедегі экран істеді, бірақ дыбыстың сапасы нашар. Сотқа қатысушылардың сөздерін ажырату қиын. 44 жастағы Санжар Боқаев наурыз айынан бері қамауда отыр. Бас прокуратура Боқаев "аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған…
Санжар Боқаевтың ісінде адвокаттар істі прокуратураға қайтару туралы өтініш берді, себебі олардың айтуынша, істе заңбұзушылықтар бар.

Адвокаттардың сөзінше, тергеу органдары іс материалдарын айыпталушыларға толық бермеген. Соған қарамастан іс сотқа жөнелтілген. Қорғау жағы видеосы бар дискпен де таныспағанын да жеткізді. Айтуларынша, дискті алған кезде ашылмай қойған.
“Бізге тергеу, айғақтарды тексеру, пәтер мен көлікті тінтудің видеоларын көруге рұқсат бермеді. Айыптау мен қорғау жағы іс материалдарымен танысу құқығынан айырылды. Сондықтан біз өтініш бере алмаймыз. Біз оларды сот отырысы басталғанға аз уақыт алғанда алдық, оларды жүктеуге уақыт кетті және оларды әлі де қарау қажет” деді адвокат Алма Мусина.

Сотта үзіліс жарияланды.

Сот кезіне Санжар Боқаевқа бес бап бойынша айып тағылғаны белгілі болды: “алаяқтық” (190-бап), “ұрлық” (188-бап), “қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру” (218-бап), “ағашты заңсыз кесу” (340-бап), “жалған ақпарат тарату” (274-бап).
  • 🤬 11
More from @azattyq
  1. Oct 16, 2026Санжар Боқаев, Ұлан Нүсіпқожа, Мадияр Қалменовтің адвокаттарының судьяны ауыстыру туралы ө…
  2. Oct 16, 2026Reuters: Украинадағы Starlink-тің жұмысын бәсеңдету туралы бұйрық Ақ үйден түскен Starshie…
  3. Oct 16, 2026Трамп Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына украин дрондарының соққысын “масқара” деп атады АҚШ…
  4. Oct 16, 2026Журналистер отырған бөлмедегі экран істеді, бірақ дыбыстың сапасы нашар. Сотқа қатысушылар…
  5. Oct 16, 2026Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысында журналистер отырған бөлмеде экран істе…
  6. Oct 16, 2026Мемлекет қолдауына ие екі оқу орнының қожайыны кім? | Зерттеу🔎 2021 жылы спорт пен салауа…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →