Журналистер отырған бөлмедегі экран істеді, бірақ дыбыстың сапасы нашар. Сотқа қатысушылардың сөздерін ажырату қиын.
44 жастағы Санжар Боқаев наурыз айынан бері қамауда отыр.
Бас прокуратура Боқаев "аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамды теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады" деген күдікке ілінгенін хабарлаған.
Ал Боқаевқа қарсы іс "қолдан жасалған" деп санайтын жақтастары "істің астарында саясат жатуы мүмкін" деп мәлімдеген. Олар наурыздың аяғында Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Боқаевтың ісін ашық сот отырысында қарауды және тікелей эфирден көрсетуді талап еткен.
Post #35738
867
Azattyq - Азаттық Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысында журналистер отырған бөлмеде экран істемей қалды 16 қазанда Алматының Алмалы аудандық сотында белсенді Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталуы керек болған. Процесс сағат 10.00-ға белгіленген…

- 🤬 24
- 😁 2
- 🤡 2