Дубайдан Тель-Авивке қарай ұшқан ұшақ апат белгісін берді
Дубайдан Тель-Авивке ұшқан жолаушылар ұшағы әуеде апат белгісін беріп, Сауд Арабиясы төбесінен бұрылған, оның ұшуы жөнінде ақпарат мониторингтік сайттарда көрінбей қалған. Ақпарат құралдарының жазуынша, бортта Ресей және Украина ұшқыштары төбелесіп қалған.
Израильдің 12-арнасының хабарлауынша, ұшқыштар “сыртқы интервенция” жөнінде сигнал берген, бұл ұшақты басып алғандығынан хабар беруі мүмкін.
Израиль ақпарат құралдарының жазуынша, Израиль жойғыш ұшағы әуеге көтерілген, ал премьер-министр Биньямин Нетаньяху шұғыл жиналысқа шақырды.
Кейін Израильдің ақпарат құралдары бортында 174 жолаушы болған ұшақ Сауд Арабиясына қонғанын, штаттан тыс жағдайға “ұшқыштар арасындағы төбелес” себеп болуы мүмкін деп жазды. CNN де дереккөздерге сүйеніп, ұшқыштар арасындағы “күш қолдану” туралы хабарлады. Әзірге, ақпарат ресми түрде расталмады.
Post #35553
1.11K

- 🤔 12
- 🤯 4
- 😁 3
- ❤ 1
- 😢 1