📣 AIX биржасында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Dim Sum облигациялары бойынша букбилдинг басталды
Astana International Exchange (AIX) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Dim Sum облигациялары бойынша букбилдинг басталғанын хабарлайды. Ұсынылып отырған шығарылым 3 және 5 жылдық мерзімдерге арналған екі транштан тұрады. Мәміле классикалық режимді (classic) және бағаның шекті деңгейі бойынша өтінім беру режимін (at-strike) қолдану арқылы жасалған.
Мәміленің ұйымдастырушылары — Citigroup Global Markets Limited, Guotai Junan Securities Limited және Standard Chartered Bank (букраннерлер), сондай-ақ жергілікті лид-менеджер Teniz Capital Investment Banking.
Шығарылымның негізгі параметрлері
3 жылдық облигациялар
• Купонның индикативтік мөлшерлемесі: 2,7% аралығында
5 жылдық облигациялар
• Купонның индикативтік мөлшерлемесі: 2,85% аралығында
Есеп айырысу күні — 2026 жылғы 23 қазан. Шығарылымның түпкілікті параметрлері букбилдинг қорытындысы бойынша айқындалады.
Post #2100
234

- ❤ 2
- 🔥 1