TGViewer
Astana International Exchange Astana International Exchange @aixkz · 2.59K subscribers
Post #2094 198
📈 AIX 2026 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысын жариялады

2026 жылдың үшінші тоқсанында Astana International Exchange биржасындағы сауда көлемі 1,9 млрд АҚШ долларынан асып, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-дан астамға өсті. Қыркүйек айында сауда көлемі 560 млн АҚШ долларынан асып, AIX тарихындағы ең жоғары айлық көрсеткішке жетті. Бұл алдыңғы рекордтан 150 млн АҚШ долларына жоғары.

AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай деп атап өтті:
Үшінші тоқсан AIX үшін даму тұрғысынан тағы бір нәтижелі кезең болды. Біз нарықтың негізгі бағыттары бойынша тұрақты сұранысты байқап отырмыз, сонымен қатар юаньмен номинацияланған құралдарды, трансшекаралық қызметті және экологиялық активтерді қоса алғанда, жаңа өнімдерді дамыту бағытында өзгеріс көп. Сонымен қатар, жетекші биржалармен және нарықтық институттармен әріптестік орнату арқылы халықаралық байланыстарымызды нығайттық.


Есепті кезеңде AIX төрт валютада — АҚШ доллары, Қазақстан теңгесі, БАӘ дирхамы және Қытай юанінде шығарылған борыштық құралдар санын арттырды, халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, ерікті көміртек бірліктерімен сауданы іске қосты.

2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша AIX-тің Ресми тізімінде 210 эмитент шығарған 436 бағалы қағаз болды. 2026 жылдың 9 айында 77 эмитенттің 126 құралы листингтен өтті. Жыл басынан бері эмитенттер Биржа 6 млрд АҚШ доллары көлемінде капитал тартты.
  • ❤ 2
  • 🔥 1
More from @aixkz
  1. Oct 9, 2026📈 АIX подводит итоги деятельности за третий квартал 2026 года В третьем квартале 2026 год…
  2. Oct 7, 2026💡«Инсайты для розничного инвестора»: в AIX прошёл семинар в рамках Всемирной недели инвес…
  3. Oct 6, 2026❓Акции или облигации? Как инвестировать пенсионные накопления? Как распознать финансовое м…
  4. Oct 5, 2026💻 AI-бум меняет не только технологии, но и инвестиционный ландшафт. Многие компании, нахо…
  5. Oct 5, 2026Astana International Exchange (AIX) представляет обзор операционной деятельности биржи за…
  6. Oct 5, 2026Astana International Exchange (AIX) 2026 жылғы қыркүйек айындағы биржаның операциялық қызм…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →