TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3777 1.46K
🏦 ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша департаменті мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруға бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтады

2021 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен «Сыздық Ата» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған.

Жобаның жалпы құны 311 млн теңгені құрады. Жоба ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға және Жаңақорған ауданы тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба аясында корпорация серіктестіктің жарғылық капиталына 151,5 млн теңге салған. Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бағытталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаражаттың бір бөлігін шығару схемасын ұйымдастырған. Нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы «Нұрай» және «Абылайхан» ЖК шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

👨‍⚖️ Күдікті қамауға алынды.

🧑‍⚖️ Сот санкциясымен оған тиесілі екі автокөлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме:
https://disk.yandex.kz/d/ZsPpsOs9vY2Uuw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 30, 2026🏦 Департаментом АФМ по Кызылординской области выявлено хищение денежных средств, выделенн…
  2. Sep 29, 2026🏦 Департаментом АФМ по Западно-Казахстанской области пресечена схема серого импорта зерна…
  3. Sep 29, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті астықтың с…
  4. Sep 28, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области при координации прокуратуры пресечена деяте…
  5. Sep 28, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның ү…
  6. Sep 27, 2026🏦 Делегация Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу приняла участие в X…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →