TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3773 1.4K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Vavada» интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыруды ұйымдастырған дроп-шоттарды басқарушы топтың әрекетін тоқтатты

Тергеу дерегінше, 2026 жылғы қаңтарда осы схеманы ұйымдастырушылар интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару жөнінде келісімге келген.

Кейін топ мүшелерінің бірі оның жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырған және операторларды іріктеген.

Қарағандыда жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.


Схемаға барлығы 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілген.

👨‍⚖️ Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді.

🧑‍⚖️ Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1R8repAjjOtMVkC1mDMg8wH6QVXoRPCqj?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 28, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области при координации прокуратуры пресечена деяте…
  2. Sep 27, 2026🏦 Делегация Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу приняла участие в X…
  3. Sep 27, 2026🏦 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен БҰҰ-…
  4. Sep 24, 2026🏦 В Актюбинской области осужден к 3 годам 9 месяцам лишения свободы руководитель ИП «Kaze…
  5. Sep 24, 2026🏦 Ақтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналыс…
  6. Sep 23, 2026🏦 Двое жителей Костанайской области осуждены за незаконную микрофинансовую деятельность б…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →