TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3770 1.65K
🏦 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі XV конгресіне қатысты

Анықтама үшін: Конгресс БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен бес жылда бір рет өткізіледі.


Конгресс трансұлттық қылмысқа, қылмыстық сот төрелігіне, киберқылмысқа және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдардың өкілдерін біріктірді.

Агенттік қаржылық қылмыстарға және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылда тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәжірибесін таныстырды.

Сондай-ақ дроп-карталарды, виртуалды активтерді және қылмыскерлерге қаражатты әртүрлі юрисдикциялар арасында аударып, оның ізін жасыруға мүмкіндік беретін өзге де цифрлық құралдарды пайдалануға байланысты қазіргі қауіптерге қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды.


Қылмыстық кірістерді заңдастырудың жаңа схемаларын дер кезінде анықтау және күдікті операцияларға жедел ден қою мақсатында мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестікті дамыту жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қаржылық қылмысқа қарсы күресте құзыретті органдармен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 28, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области при координации прокуратуры пресечена деяте…
  2. Sep 28, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның ү…
  3. Sep 27, 2026🏦 Делегация Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу приняла участие в X…
  4. Sep 24, 2026🏦 В Актюбинской области осужден к 3 годам 9 месяцам лишения свободы руководитель ИП «Kaze…
  5. Sep 24, 2026🏦 Ақтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналыс…
  6. Sep 23, 2026🏦 Двое жителей Костанайской области осуждены за незаконную микрофинансовую деятельность б…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →