TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3766 1.36K
🏦 Ақтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды

Тергеу деректеріне сәйкес, сотталған адам аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеуді және пеш отынын өндіруді ұйымдастырған.

Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген.

Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген.


Нәтижесінде 11 миллион литрден астам пеш отыны сатылып, қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс алынған.

🧑‍⚖️ Сонымен қатар сот оның мүлкін, соның ішінде өндірістік нысанын, автокөліктерін және банк шоттарындағы ақшасын тәркіледі.

⚠️ Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, өндірілген пеш отыны ұлттық сапа стандарттарына сай келмеген әрі құрамында зиянды химиялық заттар болған.

❗️ Мұндай отынды тұрмыстық және өнеркәсіптік қазандықтар мен пештерде жағу кезінде ауаға улы заттар тарауы ықтимал еді. Бұл өңір тұрғындарының тыныс алу жүйесі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1BFpUssF8z-5bpEvjVPaUX1Ds7UYMqTzn?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 24, 2026🏦 В Актюбинской области осужден к 3 годам 9 месяцам лишения свободы руководитель ИП «Kaze…
  2. Sep 23, 2026🏦 Двое жителей Костанайской области осуждены за незаконную микрофинансовую деятельность б…
  3. Sep 23, 2026🏦 Қостанай облысының екі тұрғыны лицензиясыз заңсыз микроқаржылық қызмет жүргізгені және…
  4. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  5. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  6. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →