TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3760 1.31K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген несие қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

2025 жылғы мамырда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы мен «Рашан» ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз беру туралы шарт жасалған. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдік берген.

Шарт талаптарына сәйкес «Рашан» ЖШС-нің шотына 300 млн теңге қарыз қаражаты аударылған.

Кейін бұл қаражат егіс науқанына жұмсалатын шығындарды төлеу деген желеумен екі ЖШС-ге бөлініп аударылған. Атап айтқанда, 148 млн теңгеге жуық қаражат тұқым сатып алуға, тағы 152 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, соның ішінде жанар-жағармай мен еңбекақы шығындарына аударылған.

Алайда іс жүзінде тұқым сатып алынбағаны, техника жалға алынбағаны және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталды.


⚠️ «Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылды.

🧑‍⚖️ Соттың санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1IeJ-nKmP-mLkY6f2hxNX1l6k6THBDfnh?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  3. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  4. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  5. Sep 16, 2026🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген…
  6. Sep 15, 2026🏦 Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу сообщает о продолжающихся слу…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →