TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3756 1.82K
🏦 ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады

Тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз схеманы іске асыру үшін үшінші тұлғалардың атына ресми түрде тіркелген 4 жеке кәсіпкерлік, «Нұр-Келес» ЖШС және «Бимен С.» ЖШС пайдаланылған.

Бұл кәсіпкерлік нысандарын күдіктілер өздеріне берілген электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға құқық беретін нотариалды сенімхаттар арқылы іс жүзінде бақылауда ұстаған.

Аталған кәсіпкерлік нысандары арқылы ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу мен олардың қолда бары, сондай-ақ асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Кейін осы мәліметтердің негізінде субсидия алуға электрондық өтінімдер берілген.

Бюджеттен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген және жеке мақсаттарына жұмсалған.


⚠️ Келтірілген залалдың жалпы көлемі — 103 млн теңге.

Соның салдарынан адал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалған.

🧑‍⚖️ Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер телімі бар.

👨‍⚖️ Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/16byG6pKz_B8PJ1Vkfh5NZFMrSgPaeKBe?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  2. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  3. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
  4. Sep 18, 2026🏦 Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С.Ш.…
  5. Sep 16, 2026🏦 Департаментом АФМ по Туркестанской области окончено расследование в отношении преступно…
  6. Sep 15, 2026🏦 Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу сообщает о продолжающихся слу…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →