TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3762 1.67K
🏦 Қостанай облысының екі тұрғыны лицензиясыз заңсыз микроқаржылық қызмет жүргізгені және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін сотталды

Тергеу деректеріне қарағанда, олар 2024–2025 жылдары өздеріне бағынысты төрт компанияның — «Союз-Костанай» ЖШС, «Экспресс Тенге» ЖШС, «Express Gold» ЖШС және «Express.com» ЖШС-нің жұмысын ұйымдастырған.

Бұл желі негізінен облыстың аудан орталықтары мен кенттерінде жұмыс істеген. Клиенттерге банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына жүгінбей, зергерлік бұйымдарын кепілге қойып ақша алу ұсынылған.

Іс жүзінде комиссиялық сауда деген желеумен азаматтарға мүлкін кепілге қою арқылы ақша берілген. Берілген ақшаны пайдаланғаны үшін күн сайын 0,4 пайыз мөлшерінде сыйақы алынған.

Алайда клиенттермен жазбаша қарыз шарттары жасалмаған. Мәмілелерді заңды комиссиялық қызмет ретінде көрсету үшін бірқатар формалды құжат рәсімделіп, оларда сыйақы тауарды сатуды кейінге қалдырғаны үшін алынатын комиссия немесе оны сақтағаны үшін төлем деп көрсетілген.


➡️ Екі жыл ішінде олардың қызметін 1 600-ден астам азамат пайдаланған. Заңсыз қызметтен түскен кіріс 579 миллион теңгеден асқан.

👨‍⚖️ Сот екеуін де мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Тәркіленген мүліктің қатарында бес пәтер, үш автокөлік және екі жер телімі бар.

❗️ Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1kcTZ5cX5iDn1yQl7n7jPYt5QXpBcdo6R?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 24, 2026🏦 В Актюбинской области осужден к 3 годам 9 месяцам лишения свободы руководитель ИП «Kaze…
  2. Sep 24, 2026🏦 Ақтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналыс…
  3. Sep 23, 2026🏦 Двое жителей Костанайской области осуждены за незаконную микрофинансовую деятельность б…
  4. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  5. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
  6. Sep 18, 2026🏦 В Карагандинской области осужден организатор структурного подразделения финансовой пира…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →