TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3775 1.29K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті астықтың сұр импортына қатысты схеманың жолын кесті

Тергеу дерегінше, импортталған астық кейін Қазақстанда өндірілген өнім ретінде Орталық және Оңтүстік Азия елдеріне экспортталған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағы арқылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын шамамен 130 мың тонна астық экспортталған. Жеткізілімдер Өзбекстанға, Ауғанстанға және Тәжікстанға жүзеге асырылған.

Схеманы іске асыру үшін алдын ала жалған басшылардың атына коммерциялық ұйымдар тіркелген. Кейін бұл компаниялар мен отандық шаруа қожалықтары арасында астық сатып алуға қатысты жалған шарттар рәсімделген. Осылайша астыққа Қазақстанда өндірілген өнім түрі беріліп, оны тасымалдау кезінде жеңілдетілген тариф қолданылған.


Атап айтқанда, астық экспортына қатысты схемада «Bakery Nan», «KazGrano», «Perfect Seed», «Weizen» және «Golden Grain Kazakhstan» ЖШС-лары пайдаланылған.

🔥Транзиттік тарифтің төленбеуі салдарынан «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-не 1 млрд теңгеден аса көлемінде залал келтірілген.

Сонымен қатар күдіктілер салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудан және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару үшін өздерінің бақылауындағы экспорттаушы компаниялардың шоттарынан үлестес ұйымдардың шоттарына ақша аударып, кейін банкроттық туралы талап арыздар берген.

🍵 Аталған әрекеттер мемлекет мүддесіне 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

👨‍⚖️ Іс бойынша бес адам күдікті деп танылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/120CgCbxdLPs4BSTtuKHIzwga69ocWcrY?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 29, 2026🏦 Департаментом АФМ по Западно-Казахстанской области пресечена схема серого импорта зерна…
  2. Sep 28, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области при координации прокуратуры пресечена деяте…
  3. Sep 28, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның ү…
  4. Sep 27, 2026🏦 Делегация Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу приняла участие в X…
  5. Sep 27, 2026🏦 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен БҰҰ-…
  6. Sep 24, 2026🏦 В Актюбинской области осужден к 3 годам 9 месяцам лишения свободы руководитель ИП «Kaze…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →