TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3731 2.29K
🏦 Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі 800-ден астам көлікті тіркеу есебіне заңсыз қойғаны үшін сотталды

Сот олардың әрқайсысына қылмыстағы рөлі мен қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

⚠️ Мемлекетке төленбеген тіркеу және утиль алымдарының жалпы сомасы 6,6 млрд теңгеден асты.

Тергеу барысында ҚМА-ның Алматы облысы бойынша департаменті қылмыстық топтың екі жыл бойы белгіленген талаптарды айналып өтіп, автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқанын анықтады.

Алғашқы кезеңде схемаға қатысушылар техникалық регламент талаптарын бұза отырып Қазақстанға әкелінген 642 жүк көлігін заңсыз тіркеген.

Кейін қылмыстық әрекет жеңіл көліктерге қатысты «қосар көліктерді тірілту» деп аталатын схема бойынша жалғасқан. Заңсыз әкелінген көліктерге Қазақстанда бұрын тіркеліп, кейін есептен шығарылған көліктердің VIN-кодтары берілген. Осы тәсілмен тағы 209 көлік тіркелген.

Заңсыз схемаға полиция қызметкерлері, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері және жеке нотариустар қатысқан. Олар ақпараттық жүйелерге жалған мәлімет енгізуді және жалған тұлғаларға сенімхат рәсімдеуді қамтамасыз еткен.


⚠️ Төленбеген тіркеу алымының сомасы 5,4 млрд теңгені, утиль алымы 1,2 млрд теңгені құрады.

Тергеу барысында көлік иелері алғашқы тіркеу алымдарын өз еркімен төлеп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.

🧑‍⚖️ Сонымен қатар сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық табысқа сатып алған бес автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бұрынғы төрт полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Қатысы бар нотариустарға сот нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салды.

⚠️ Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1TRXq1CKE8XaJoULdn3Fp8M_HXE0UvzOu?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 30, 2026🏦 Департаментом АФМ по Кызылординской области выявлено хищение денежных средств, выделенн…
  2. Sep 30, 2026🏦 ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша департаменті мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық…
  3. Sep 29, 2026🏦 Департаментом АФМ по Западно-Казахстанской области пресечена схема серого импорта зерна…
  4. Sep 29, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті астықтың с…
  5. Sep 28, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области при координации прокуратуры пресечена деяте…
  6. Sep 28, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның ү…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →