🇰🇭Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды
– Камбоджаның 120-дан аса студенті Қазақстанда білім алды. Бүгінде олардың көбі провинцияларда губернатор, мемлекеттік хатшы лауазымдарында еңбек етуде. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарып жүр. Бұл елдерімізді ортақ тарих пен халықтарымыз арасындағы тығыз қарым-қатынас байланыстыратынын аңғартады, – деді Премьер-министр.
✔️Хун Манет Камбоджа азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларында ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.
✔️Тараптар жоғары деңгейде жүргізілген бүгінгі келіссөздер елдеріміз арасындағы сауда-саттық көлемін ұлғайтып, іскерлік барыс-келісті нығайтуға және серіктестің тың бағыттарын жолға қоюға ықпал ететініне сенім білдірді.
Post #43534
34
Almaty TV Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің басшылығымен Камбоджа әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды ✔️Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджа Үкіметінің Cambodia Vision 2050 және Pentagonal Strategy бағдарламаларында межеленген ұзақмерзімді стратегиялық…