TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43533 29
Almaty TV 🇰🇿🇰🇭Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді ✔️Мемлекет басшысы келіссөз аясында Камбоджа Премьер-министрі Хун Манеттің Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты жандандыруға жол ашатынын және ортақ ниетті нақты іске…
Қасым-Жомарт Тоқаев Хун Манеттің басшылығымен Камбоджа әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды

✔️Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджа Үкіметінің Cambodia Vision 2050 және Pentagonal Strategy бағдарламаларында межеленген ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру бағытындағы күш-жігерін қолдайтынын айтты.

✔️Президент жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай әлеует бар деп санайды.

– Сіздің және делегацияңыздың елімізде жасанды интеллектіні дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға қызығушылық танытып отырғандарыңызды білемін. Бүгін Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Қазақстанның осы салада қол жеткізген табыстарымен және негізгі әзірлемелерімен таныса аласыз. Еліміз БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексіне сәйкес, барлық бағытта оң динамика көрсетіп келеді. Ортақ ниет пен берік саяси ерік-жігер болса, өзара мүддемізге сай келетін көптеген бағыт бойынша ынтымақтастық аясын кеңейте алатынымызға сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
More from @tvalmaty
  1. Oct 17, 2026🎭Мұхтар Әуезов атындағы театр Үндістандағы БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» спектаклін сахн…
  2. Oct 17, 2026Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының…
  3. Oct 17, 2026Вакцинация жұқпалы аурулардың ауыр асқыну қаупін азайтады Екпе алмаған балаларда жұқпалы а…
  4. Oct 17, 2026✉️Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт…
  5. Oct 17, 2026В Алматы обновят изношенные теплосети и электроподстанции В Алматы модернизируют коммуналь…
  6. Oct 17, 2026🤝Қазақстан Президенті мен Камбоджа Премьер-министрінің қатысуымен үкіметаралық және ведом…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →