TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43491 30
Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

🔹Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Премьер-министр Никол Пашинянға алғыс айтты.

🔹Президент табиғатты сақтау жөнінде келер ұрпақ алдында ортақ жауапкершілік пен халықаралық күш-жігерді үйлестіру қажет екенін еске салды.

– Біз табиғат тартуын болашаққа жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жиналып отырмыз. Яғни күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келуі ықтимал өскелең ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік жөнінде сөз қозғадық. Бұл – біздің өркениетіміздің аман қалуына да қатысты мәселе. Өйткені биоалуантүрлілік адамдар игілігін, экономикалық орнықтылықты және ұзақмерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өте қажет. Бүлінбеген экожүйелер азық-түлік өндірісінде, су ресурстарын қорғауда және миллиондаған адамды кіріс көзімен қамтуда маңызды рөл атқарады. Шөлейттену және су тапшылығы, басқа да экологиялық проблемалар табиғат пен адам арасындағы нәзік тепе-теңдікке орасан қауіп төндіреді. Судың жеткіліксіздігі мен жердің тозуы миллиондаған адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мұның салдары тым ауыр. Себебі бұл үдерістер мемлекеттер аумағынан ары асып, орнықты дамуды тежейді әрі жаһандық тұрақтылыққа зардабын тигізеді. Мұқият ойластырылған және нақты шараларды қамтитын экологиялық күн тәртібі саяси қайшылықтарды еңсеруі қажет. Бізге шынайы серіктестікке, бөліп-жармауға негізделген, ең бастысы, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастық керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 16, 2026Алматыда салмақ өлшеу кешендерін орнатуға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы уақытш…
  2. Oct 16, 2026Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда Саин көше…
  3. Oct 16, 2026Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткіз…
  4. Oct 16, 2026Аким Алматы проверил оснащение обновленной базы «Алматы Тазалық» Аким Алматы Дархан Сатыба…
  5. Oct 16, 2026COP17 аясындағы Биоалуантүрлілікті сақтау бойынша көшбасшылар саммитінде Армения Премьер-м…
  6. Oct 16, 2026Қазақстан Президенті биоалуантүрлілікті сақтау үшін озық технологияларды кеңінен қолдануға…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →