Атырауда мас күйде мопед және куәліксіз көлік басқарған жүргізушілер анықталды
Атырау қаласында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері 39 жастағы ер адамның ZR200 мопедін алкогольдік мас күйде әрі басқару құқығынсыз жүргізгенін анықтады. Сол күні бұрын жүргізуші куәлігінен айырылса да Ford және Mercedes автокөліктерін тізгіндеген тағы екі азамат ұсталды. Барлық құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды, ал көлік құралдары арнайы айыптұраққа қойылды.
Post #43196
23