Түрксіб ауданында экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды
Алматы қаласы Әкімінің экология мәселелері жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Түрксіб ауданында жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында жеке сектор мен шағын және орта бизнес нысандарын газдандыру, сондай-ақ аудандағы экологиялық ахуал талқыланды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Негізгі назар жеке тұрғын үйлерді газдандыруға аударылды: газ желілерін тарту және үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу мәселелері қаралды. Қатты отынды пайдаланатын ШОБ нысандары, ең алдымен кафелер, мейрамханалар мен моншалар жеке сөз болды.
Сондай-ақ контейнер алаңдарының санитарлық жағдайы, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және іргелес аумақтарды абаттандыру мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті бөлімшелерге барлық бағыт бойынша жұмысты жандандырып, анықталған кемшіліктерді жоюға тапсырма берілді.
Post #43173
47