TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.94K subscribers
Post #25660 219
📍Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік кеңесінің 46-отырысы өтті

NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік кеңесінің 46-отырысы өтті. Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының басшылары мен салалық мекемелердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар халықаралық көлік дәліздерін дамыту, тасымалдарды цифрландыру, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және көлік әкімшіліктері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту және халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру бойынша ортақ тәсілдерді келісуге ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша шешімдер қолдау тапты. Оларды іске асыру жөніндегі жұмыс ТМД-ның Үйлестіру көлік кеңесі аясында жалғасады.
More from @kolikpress
  1. Oct 16, 2026⚜️В Казахстане расширяют электронный обмен разрешениями на международные автоперевозки В р…
  2. Oct 16, 2026photo post
  3. Oct 16, 2026📌Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалдарына арналған рұқсаттарды электрондық алмасу…
  4. Oct 16, 2026⚜️В рамках форума обсуждены вопросы развития Трансафганского транспортного коридора В рамк…
  5. Oct 16, 2026photo post
  6. Oct 16, 2026⚜️Форум аясында Трансауған көлік дәлізін дамыту мәселелері талқыланды «NEW SILK WAY» халық…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →