TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.94K subscribers
Post #25674 193
📌Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалдарына арналған рұқсаттарды электрондық алмасу кеңейтілуде

Қазақстанның көлік апталығы аясында өткен «New Silk Way» халықаралық бизнес-форумында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Д. Жұмақұлов «Автомобильмен жүк тасымалдаудың цифрлық экожүйесі» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.

Өз сөзінде Комитет төрағасы халықаралық автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін цифрландыру нәтижелері туралы баяндады. 2026 жылы шетелдік рұқсат бланкілерімен электрондық алмасу Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстан елдерімен кеңейтіліп, Грузиямен тестілік алмасу басталды.

Бүгінгі таңда электрондық форматта 700 мыңға жуық шетелдік рұқсат бланкісі берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы рұқсат беруден бастап оның нақты пайдаланылғанын растауға дейінгі халықаралық автомобиль тасымалдарын толық циклді цифрлық бақылауды енгізуге ерекше назар аударылды.

Аталған шараларды іске асыру тасымалдардың ашықтығын арттыруға, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға және тәуекелге бағдарланған көліктік бақылауға көшуге мүмкіндік береді.
More from @kolikpress
  1. Oct 16, 2026📌В Министерстве транспорта проведён семинар по повышению качества подготовки нормативных…
  2. Oct 16, 2026photo post
  3. Oct 16, 2026📌Көлік министрлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сапасын арттыру бойынша семи…
  4. Oct 16, 2026📌В рамках форума NEW SILK WAY представлены цифровые решения Казахстана в сфере транспорта…
  5. Oct 16, 2026photo post
  6. Oct 16, 2026📌NEW SILK WAY форумында Қазақстанның көлік саласындағы цифрлық шешімдері таныстырылды VII…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →