TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.94K subscribers
Post #25691 78
📌Көлік министрлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сапасын арттыру бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде құқықтық оқыту шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты нормативтік құқықтық актілер (НҚА) жобаларын әзірлеу сапасын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру болды.

Семинар барысында қатысушылар нормашығармашылық қызметтің өзекті мәселелерін, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы заңнама жаңалықтарын, сондай-ақ оларды әзірлеу мен ресімдеу сапасына қойылатын талаптарды талқылады.

НҚА жобаларын әзірлеу және келісу кезінде мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және әзірленетін құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Заңнама және құқықтық ақпарат институты өкілдерінің қатысуы практикалық тәжірибе алмасуға және нормашығармашылық қызметті жетілдіру тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.

Осындай іс-шараларды өткізу Министрлік қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
More from @kolikpress
  1. Oct 16, 2026📌В Министерстве транспорта проведён семинар по повышению качества подготовки нормативных…
  2. Oct 16, 2026photo post
  3. Oct 16, 2026📌В рамках форума NEW SILK WAY представлены цифровые решения Казахстана в сфере транспорта…
  4. Oct 16, 2026photo post
  5. Oct 16, 2026📌NEW SILK WAY форумында Қазақстанның көлік саласындағы цифрлық шешімдері таныстырылды VII…
  6. Oct 16, 2026⚜️Казахстан и Чехия обсудили перспективы сотрудничества в сфере транспорта В Астане состоя…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →