TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25478 170
🚊Көлік вице-министрі Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалының құрылыс алаңына барып, қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, жобаның іске асырылу қарқынын тексерді.

Жұмыс сапары барысында мердігер ұйымның өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы, бекітілген кестенің сақталуы және қайта жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Жаңғыртылып жатқан нысанның жалпы ауданы 8 409 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта ғимарат қаңқасын тұрғызу және шатырын орнату бойынша негізгі жұмыстар аяқталған. Ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және су бұруды қоса алғанда, инженерлік коммуникациялар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін монтаждау жалғасуда. Сонымен қатар жолаушылар перроны мен конкорстық өткелдің құрылысы жүргізіліп, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары қатар атқарылуда.

Тексеру қорытындысы бойынша Жәнібек Тайжанов мердігер ұйымға құрылыс қарқынын қамтамасыз етуді, орындалып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтуді және бекітілген кестеге сәйкес қайта жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Астана-1 вокзалын қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілуде.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін вокзал заманауи жайлылық, қауіпсіздік және қолжетімділік талаптарына сай келетін жаңартылған инфрақұрылымға ие болады. Жобаны іске асыру жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға және елордадағы маңызды теміржол нысандарының бірінде қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
More from @kolikpress
  1. Oct 10, 2026🚊Вице-министр транспорта ознакомился с ходом реконструкции вокзала Астана-1 Вице-министр…
  2. Oct 10, 2026photo post
  3. Oct 9, 2026✈️Авиакомпания Air Astana запускает новые маршруты в Оман Министерством транспорта Республ…
  4. Oct 9, 2026✈️Air Astana әуе компаниясы Оманға жаңа бағыттарды іске қосады Қазақстан Республикасы Көлі…
  5. Oct 9, 2026photo post
  6. Oct 9, 2026🚂Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты 2026 жылдың 9 айының қорыт…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →