🚂Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 241,7 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артты (233,7 млн тонна).
Оң динамиканың факторларының бірі экспорттық тасымал көлемінің артуы болды. 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында теміржол арқылы экспортқа 69,4 млн тонна жүк тасымалданды.
Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға жоғары. Ол кезде экспорттық тасымал көлемі 64,8 млн тоннаны құраған.
Экспорттық тасымалдардың өсімі темір кені, астық, тыңайтқыштар, көмір, құрылыс жүктері және басқа да өнім түрлерінің тасымалдау көлемінің артуына байланысты қамтамасыз етілді.
Темір кенін тасымалдау бойынша айтарлықтай өсім тіркелді. Оның экспорттық тасымалдау көлемі 10,1 млн тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,1%-ға артты.
Астықтың экспорттық тасымалы 17,6%-ға өсіп, 8,3 млн тоннаны құрады. Негізгі өсім Орталық Азия елдеріне, Ауғанстанға және Қытайға бағытталған тасымалдар бойынша байқалды.
Сонымен қатар экспортқа 1,2 млн тонна тыңайтқыш тасымалданды, бұл өткен жылдың деңгейінен 9%-ға жоғары. Өсім Беларусь, Бразилия, Өзбекстан, Болгария және Ауғанстанға жөнелтілімдер көлемінің артуына байланысты болды.
Көмірдің экспорттық тасымалдау көлемі 25,8 млн тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға артты.
***
🚂Объем экспортных перевозок железнодорожным транспортом увеличился на 7,1%
По итогам 9 месяцев 2026 года объем грузовых перевозок железнодорожным транспортом составил 241,7 млн тонн, увеличившись на 3,4% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года (233,7 млн тонн).
Одним из факторов положительной динамики стало увеличение объемов экспортных перевозок. За январь–сентябрь 2026 года по железной дороге на экспорт перевезено 69,4 млн тонн грузов — на 7,1% больше, чем за аналогичный период 2025 года, когда объем составил 64,8 млн тонн.
Рост экспортных перевозок обеспечен увеличением объемов транспортировки железной руды, зерна, удобрений, угля, строительных грузов и других видов продукции.
Значительный рост зафиксирован по железной руде. Объем ее экспортных перевозок составил 10,1 млн тонн, увеличившись на 32,1% по сравнению с аналогичным периодом 2025 года.
Экспортные перевозки зерна выросли на 17,6% — до 8,3 млн тонн. Основной рост пришелся на направления в страны Центральной Азии, Афганистан и Китай.
За отчетный период на экспорт перевезено 1,2 млн тонн удобрений, что на 9% выше уровня прошлого года. Рост обусловлен увеличением объемов отгрузок в Беларусь, Бразилию, Узбекистан, Болгарию и Афганистан.
Объем экспортных перевозок угля составил 25,8 млн тонн, увеличившись на 2,1% по сравнению с аналогичным периодом 2025 года.
Post #25473
383