TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25469 303
⚜️Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) Вице-президенті Марек Мора арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы қазіргі ынтымақтастықты және оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайтуда маңызды рөл атқаратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылды.

Автомобиль жолдары саласында іске асырылып жатқан жобаларды жалғастыру, жаңа жобаларды пысықтау және теміржол саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері жеке қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті нығайтуға және перспективалы көлік жобаларын бірлесіп пысықтауды жалғастыруға мүдделі екенін растады.

Қазақстан тарапы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қажетті үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.
More from @kolikpress
  1. Oct 9, 2026✈️Авиакомпания Air Astana запускает новые маршруты в Оман Министерством транспорта Республ…
  2. Oct 9, 2026✈️Air Astana әуе компаниясы Оманға жаңа бағыттарды іске қосады Қазақстан Республикасы Көлі…
  3. Oct 9, 2026photo post
  4. Oct 9, 2026🚂Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты 2026 жылдың 9 айының қорыт…
  5. Oct 9, 2026⚜️Казахстан и Европейский инвестиционный банк обсудили развитие транспортной инфраструктур…
  6. Oct 9, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →