TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25476 333
✈️Air Astana әуе компаниясы Оманға жаңа бағыттарды іске қосады
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Air Astana әуе компаниясы Оманға екі жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастайды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 23 қазанынан бастап Алматы – Салала бағыты бойынша аптасына 1 рет (жұма күндері), ал 24 қазаннан бастап Астана – Салала бағыты бойынша аптасына 1 рет (сенбі күндері) Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен рейстер орындалады.

Қазіргі уақытта Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
More from @kolikpress
  1. Oct 9, 2026✈️Авиакомпания Air Astana запускает новые маршруты в Оман Министерством транспорта Республ…
  2. Oct 9, 2026photo post
  3. Oct 9, 2026🚂Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты 2026 жылдың 9 айының қорыт…
  4. Oct 9, 2026⚜️Казахстан и Европейский инвестиционный банк обсудили развитие транспортной инфраструктур…
  5. Oct 9, 2026photo post
  6. Oct 9, 2026⚜️Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқы…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →