TGViewer
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз @kmgpress · 9.15K subscribers
Post #12114 994
CASPI BITUM өндіріс қарқынын үдетіп, өнімді жөнелту көлемін ұлғайтуда

🗣ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны биылғы сегіз айда 221 мың тонна жол битумын өндірді. Бұл былтырғы осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 50% артық.

▪️Жөнелтілген өнім көлемі 147 мың тоннадан 220 мың тоннаға дейін ұлғайды. Өсім - 50% жуық. Зауыт «өндірілді – жөнелтілді» қағидаты бойынша жұмыс істейді, яғни қоймада қор жинамайды.

▪️Тамыз айының қорытындысы бойынша автокөліктерге битум құю көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,9 мың тоннадан 20,5 мың тоннаға немесе 28,9% артты. Жөнелтілген автокөлік саны 677 бірлікке жетіп, 30,2% ұлғайды.

▪️Өсімнің басты факторы – электрондық кезектің енгізілуі. Осы бастаманың нәтижесінде учаскенің өткізу қабілеті 25% өсті.

▪️Өнім тасымалдаудың негізгі арнасы бойынша да оң динамика байқалады. Теміржол арқылы жөнелту көлемі 71,7%-ға артып, 43,7 мың тоннаға жетті. Тиелген вагон-цистерналар саны 408-ден 702 бірлікке дейін, яғни 294 цистернаға артты. Бір жылда өнім жіберу көлеміндегі теміржол үлесі 61,5%-дан 69,4% дейін өсті.

✔️Айта кетсек, CASPI BITUM қапталған битум өндіреді. Өнімді кез келген климаттық жағдайда сақтап, жөнелтуге болады.

✔️Жалпы, зауыт ауқымды жаңғыртудан өткеннен кейін жол құрылысы саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ішкі нарықты отандық жоғары сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етуде.

✔️Кәсіпорын жыл сайын Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында сертификаттаудан өтіп, өнімнің белгіленген сапа стандарттарына, техникалық регламенттер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайды.

🔬Биыл «Bureau Veritas» тәуелсіз инспекциялық-сертификаттау компаниясы Антверпен қаласындағы (Бельгия) өз зертханасында Ақтау битумын тексеріп, оның сапасы Еуропалық Одақ талаптарына сәйкес екенін растады. Бұдан бұрын зауыт өніміне «Мұнай-химия өңдеу институты» АҚ (Уфа қ., Ресей) және «Société Générale de Surveillance» (Швейцария) осындай оң баға берген болатын. Жалпы, зауыт іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін битумның сапа талаптарына сай келмеуінің бірде-бір фактісі тіркелмеді.

Толығырақ ҚМГ сайтынан оқи аласыздар.

📱 ҚазМұнайГаз
  • 👍 3
  • ❤ 2
  • 🔥 2
More from @kmgpress
  1. Sep 24, 2026КМГ определил дальнейшие этапы внедрения цифровых двойников на месторождениях 📱КазМунайГа…
  2. Sep 24, 2026ҚМГ кен орындарда цифрлық телнұсқарларды енгізудің алдағы кезеңдерін айқындады 📱ҚазМұнайГ…
  3. Sep 24, 2026Әр ұңғыманың артында – үлкен жауапкершілік 🗣Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісін…
  4. Sep 23, 2026В КМГ обсудили вопросы занятости в нефтегазовой отрасли 📍Сегодня представители Министерст…
  5. Sep 23, 2026ҚМГ-да мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелері талқыланды 📍Бүгін Қазақстан Респуб…
  6. Sep 23, 2026Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития нефтеперерабатывающей отрасли 📌Премь…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →